ШҚО-да инфекция жұқтырған 5 адам анықталды

31 Мамыр 2020, 10:28
1479
Бөлісу:
ШҚО-да инфекция жұқтырған 5 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусын Семей қаласының 1994, 1961 ж.т. тұрғындарынан, Үржарлық 1975 жылғы әйелден, Тарбағатай ауданының 1963 жылғы ер адамынан және Өскемен қаласының 1987 жылғы тұрғыны, әйел адамнан расталды.⠀
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 4 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, 1 науқас скрининг кезінде анықталды, - делінген хабарламада.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақытқа ШҚО бойынша коронавирусты жұқтырған 119 адам тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы