ШҚО-да үй тазалаушы әкім болды

20 Қыркүйек 2020, 11:12
1477
Бөлісу:
ШҚО-да үй тазалаушы әкім болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының жаңа әкімі тағайындалды.

Енді ауданды өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларды тазалаушы болып бастаған Тамара Рахымжанова басқарады. Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлады.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.  2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын персоналды басқару мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушановское ауылындағы орта мектепте есепші болып жұмыс істеді.

 2014-20136жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары - «Өскемен-тәртіп» КММ директоры болып жұмыс істеген.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдың ақпан айынан бері Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Өзгелердің жаңалығы