ШҚО-ның Зайсан ауданында ауыл-аймақ абаттандырылып жатыр

20 Қыркүйек 2020, 12:33
3479
Бөлісу:
ШҚО-ның Зайсан ауданында ауыл-аймақ абаттандырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп, абаттанған көшелерге жарық орнатылуда, деп жазды «Хабар 24». 

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 522 миллион теңге жұмсалмақ. 

Бұрын кемшілік осы жол болатын. Кейде жауын жауғанда батпақ болып кетеді. Асфальт салынса тіпті жақсы болады. Аудан орталығының жолдары да бүтінделіп қалды. Мұнда 8 көшеге асфальт жабынды төселді. Одан бөлек, бірнеше аулалар қоршалып, ойын және спорт алаңдары салынды, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Әденбек Мазбаев.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы жалпы жарты миллиард теңгеге 31 жоба іске асырылып жатыр. 
Оның ішінде ауылдардағы ауыз су мәселелері, әлеуметтік нысандардағы ағымды жөндеу жұмыстары, көшелерді орташа жөндеу жұмыстары. Жұмыспен қамту жол картасының басты мақсаты тұрғылықты жұртты жұмыспен қамту болып табылды. Ол жерде 152 адам жұмыспен қамтылып, жағдай жасалады, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісов.  
Зайсанда қазір орталық Арбат абаттандырылып жатыр. Сондай-ақ тұрғындар өтінішіне сәйкес 300 орындық мектеп бой көтереді. Ал Айнабұлақ ауылында жаңа мәдениет үйі салынады.



Өзгелердің жаңалығы