Бас жаңалықтар
Шәукенова: Елдегі жағдайға бәріміз де жауапты екенімізді түсінуіміз керек
02 Шілде 2020, 17:55 212

Шәукенова: Елдегі жағдайға бәріміз де жауапты екенімізді түсінуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова карантин шараларын қатаңдату туралы пікір білдірді.

Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қазақстанда да күрделі эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Мұндай жағдайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан қабылданған шаралар мен жоспарланған іс-шаралар туралы халықты мүмкіндігінше тезірек ақпараттандыруға тырысу байқалады. Кеше Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында "Үкімет 5 шілдеден бастап елде карантин енгізу жоспарын ұсынғанын, ал бүгін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті" деп жазды. Ауру бірнеше айдың ішінде әлемнің 210-нан астам еліне таралды. Әлемнің дамыған елдері өлімнің жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 5%-дан асады, – деді ол.

Сондай-ақ, ол Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап көлік жөндеу орындары, сұлулық салондары, спорт залдары, көпшілік іс-шаралар, кафелер мен мейрамханалардың жұмысына 14 күндік шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

Осындай жұмыс режимі барша қазақстандықтарға бұрыннан таныс. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұқпалы науқасы барларға арналған төсек-орын саны 50% арттырылып, 1400 қабылдау бригадасы жұмыс істеуде. ПТР-сынақтарына арналған 8 жылжымалы зертханалар сатып алынуда. Ал сынақтардың өздері Ресейден, Қытайдан, Германиядан сатып алынады, – деді саясаттанушы.

Наурызда еліміз өмір сүрудің осыған ұқсас ережелерін бастан өткерген болатын. 

Үкімет жоспарында көрсетілген шешімдер шектеулік сипатқа ие, бірақ шамадан тыс ештеңе жоқ. Мәселен, аймақтар арасындағы әуе қатынасы сақталады, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы біршама шектеледі. Алайда, коронавирустық сынақтан өткендігі туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ. Бұл өте маңызды шара, әсіресе маусымдық факторды, демалыс кезеңі екенін ескеретін болсақ, – дейді Зарема Шәукенова.

Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуі байқалады. 

Өкінішке қарай, қайтыс болғандар да бар. Күн сайын әлеуметтік желілерден инфекция жұқтыру, оны емдеу және жазылып шығу туралы жеке тұлғалардың көптеген хабарламаларын оқуға болады. Барлық қазақстандықтар елдегі жағдайдың дамуына бірдей жауапты екенін түсіну керек. Сақтық шараларын жекелеген азаматтардың елемеуі, түрлі мерекелік шараларды өткізу, қарапайым санитарлық нормаларды елемеу эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне алып келді. Осындай шектеу шаралары көктемде айтарлықтай тиімді болды, – дейді ол.

Сонымен қатар, Зарема Кәукенқызы Үкіметтің жоспары Мемлекет басшысының төрағалығымен жақын күндері өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрі ұсынған екінші сценарийіне сәйкес келгенін айтты.

Министрлік сарапшыларының болжамы бойынша, екі апталық ұлттық карантин кезеңінде ауруханаға жатқызуды қажет ететін аурулар саны күніне шамамен 7 мың жағдай деңгейінде болады. Қазіргі уақыттағы негізгі міндет – аурудың таралуын азайту және жағдайды жағымды бағытқа бұру, – деп сөзін түйіндеді Зарема Шәукенова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия ел бойынша 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң карантин режимін енгізу бойынша шешім қабылдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...