Шағын ауылдардың тірлігі қандай?

13 Қазан 2020, 10:30
1686
Бөлісу:
Шағын ауылдардың тірлігі қандай?

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде жүздеген шағын ауыл бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында шалғайдағы ауыл тұрғындары өркениеттің заманауи игіліктеріне қол жеткізуде.

Ауыл үшін ең өзектісі – су, жол, мектеп пен медпункттің болуы. Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында жолдар салынып, жөнделуде. Сегіз учаскеде жол жөндеу жұмыстары аяқталған. 

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 10 жол құрылысына 118 миллион теңге бөлінді. Қаражат толық игеріліп, жолдардың барлығы пайдалануға берілді, – деп бөлісті «Көкше Агроинвест» ЖШС мердігер-фирмасының учаске бастығы Александр Воробей. 

Жөндеу жұмыстары бірнеше апта бұрын басталған. Күрделі жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы, яғни асфальт төсеу - 7 шақырым 600 метр. Тағы үш шақырым жолға қиыршық тас төселген. 

Ауыл тұрғыны, «Бастау» жобасының түлегі Наталья Коцюба бұрынғы оқу-өндірістік комбинатының ғимаратында балалар ойын бөлмесін ашты. Жобаның жалпы құны - 3 млн теңге, ал ұтып алынған грант сомасы-555 мың теңге.
Кәсіпкер идеяны кішкентай немерелері ұсынғанын айтады. 

Шағын ауылдардың тірлігі қандай?

Немерелерімді жақын маңдағы қалалардағы балалар ойын-сауық орталықтарына жиі алып барамын. Мен олардың қалай қуанып, шаттанатынын көріп, біздің ауылда балаларға осындай орын қажет екенін түсіндім. Өйткені балаларды жүз километрге дейін алып жүруге әрдайым уақыт пен қаржылық мүмкіндік бола бермейді, - деді кәсіпкер. 

Ол өз идеясы жайында алдымен ауыл әкімі, мектеп директорымен кеңескен. 

Идея құпталды. Осылайша қолайлы бөлме іздей бастадық. Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Бастау» жобасы бойынша курстан өттім. Ойын бөлмесіне өзіміз жөндеу жүргіздік. Отбасымызбен күндіз-түні жұмыс істедік. Шағын асхана да бар. Онда балалардың туған күнін атап өтуге болады, - дейді кәсіпкер. 

Көпбалалы ана Сәния Сыздықова «Бастау» жобасы бойынша «Atameken Academy» платформасы арқылы 21 күндік онлайн-курсты бітіріп, 16 бас қой сатып алған. Ол мал шаруашылығы өз ісін дамытам дегендер үшін перспективалы бағыт деп санайды. 

555 мың теңге көлемінде грант алдым. Бұл ақшаға ауылдан қой сатып алдым. Болашақта несие алуды жоспарлап отырмын, өйткені сертификат үш жылға жарамды. Алдағы уақытта ірі қара мен жылқы өсіруді жоспарлап отырмын. Ол үшін қора-жайымыз дайын,- деп бөлісті кәсіпкер. 

Ауылдық клуб – мәдени өмірдің эпицентрі. Подгорное ауылындағы клуб үйі биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңаша кейіпке енді. 1994 жылы салынған екі қабатты ғимарат ширек ғасырда бірде-бір рет жөндеу көрмеген. 

Клуб меңгерушісі Лидия Макогонның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жөндеуге 7 млн теңге бөлінген. Мердігер компания - «Көкшесity» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. 

Ең бастысы, клубтың қасбеті жөнделді. Терезелер ауыстырылды, қоршаулар ішінара жаңартылды. Өткен жылы шатыр, фойе және көрермен залы толық жөндеуден өтті. Сахналық киімдері жаңартылды, жуырда жаңа орындықтар алынбақшы. Мұның барлығы клуб ұжымын жігерлендіріп, тұрғындарды қуантып отыр, – деп атап өтті Лидия Макогон. 

Жақсы ауылының аудандық мәдениет үйінде заманауи коворкинг-орталық ашылды. 

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлмира Райымбекова ең алдымен бұл белсенді жастар үшін тартымды орын екенін, мұнда шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтады. 

Коворкинг-орталық - бұл шығармашылық жұмыс пен бос уақытты біріктіретін бірегей кеңістік. Орталық жоғары жылдамдықты интернеті бар компьютерлермен жабдықталған. Мұнда дәрістер мен семинарлар, презентациялар, танымал адамдармен кездесулер және өткізіледі, - дейді Гүлмира Райымбекова. 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша, Чапаевская-2 бөгетінің құрылысы бойынша жоба аяқталуға жақын. Гидротехникалық құрылыс жобасы 150 млн теңгені құрайды. Бірақ бұл шығындар ақталған, өйткені нысан көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 

Шағын ауылдардың тірлігі қандай?

Көктемде судың қатты ағынымен бөгет үнемі шайылып, Чапаев селосын сумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып отырған канал қажетті қорды қамтамасыз ете алмады. Аудан әкімдігі мен «Шұңқыркөл» ЖШС күшімен бөгет жыл сайын жөнделді, бірақ бұл жағдайдан шығудың жолы емес. Көктемде артық суды ағызып, қалған уақытта деңгейін бақылау мүмкіндігі бар аса қуатты гидротехникалық құрылыс қажеттілігі туындады, - деді Чапаев ауылының әкімі Ерлан Серікбаев. 

Бөгет құрылысына «Евростройсервис- Көкше» ЖШС жауапты, оған 18 бірлік техника, 24 адам тартылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. 

Бірнеше жыл бұрын ауылдарда жас мамандарды тұрақтандыру үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы әзірленді, ол бойынша көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен кредит беріледі. Бағдарлама облыс өңірлерінде де табысты жұмыс істеуде. Алайда ауылға келген кадрлар үшін әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері де маңызды рөл атқарады. 

Жақсы ауылында биылғы жылдың шілде айының ортасынан бастап қараусыз қалған жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимаратын медициналық қызметкерлерге арналған 8 пәтерлі тұрғын үй етіп қайта жабдықтау бойынша жоба іске асырылуда. Мердігер – «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС. Құрылыс жобасының сметалық құны 106 млн теңге, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Шағын ауылдардың тірлігі қандай?

Ғимараттың жалпы ауданы 474 шаршы метр, ол жеке кіреберістері бар 8 жайлы пәтерге бөлінеді: 4 бір бөлмелі және 4 екі бөлмелі пәтерлер. Жұмыс көлемінің жартысы орындалды, биылғы жылдың желтоқсан айында аудандық орталық аурухананың дәрігерлері мен қызметкерлері пәтер кілттеріне ие болады, - дейді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәулет Қосшығұлов.

Өзгелердің жаңалығы