Бас жаңалықтар
Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды
12 Тамыз 2020, 21:15 208

Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнир Сочидан Қазан қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Сочиде коронавирус инфекцияның таралуынан туындаған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Сондықтан 15 тамызда жарияланған турнир Қазан қаласында өтеді.

Еске салайық, алдағы бокс кешінде Фируза Шарипова танзаниялық келген Хэппи Даудимен IBA белбеуі үшін чемпиондық жекпе-жек өткізеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...