Шекарадан үлкен көлемде алкоголь өнімін алып өтпек болған

12 Тамыз 2020, 19:46
1135
Бөлісу:
Шекарадан үлкен көлемде алкоголь өнімін алып өтпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР азаматы елден құны 5,5 млн теңгеден асатын алкоголь өнімін алып өткен болған, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Көлік жүргізушіде алкогольді ішімдіктерді мемлекеттік шекарадан тасымалдауға рұқсат құжаттары болған жоқ. Экспорттық бақылау қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде жүк автокөлік құралы жүргізушісінің тауарға арналған құжаттарын тексеру кезінде 20 тоннадан астам шарап өнімдерін анықтады. Қазақстаннан Ресейге DAF жүк көлігімен 5,6 млн. теңге көлемінде алкогольді ішімдіктер - жүзім шарабы тасымалданды. Қазақстанға шарап Өзбекстан Республикасынан импортталды. Алкогольді ішімдіктерді мемлекеттік шекарадан тасымалдауға рұқсат құжаттары болған жоқ, – делінген хабарламада.

Алкоголь өнімі акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымынан алынды, материал ҚР заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеулер департаментіне жолданды.
Өзгелердің жаңалығы