Ірі қара мал терісін шекара асырмақ болғандар ұсталды

8 Қараша 2019, 20:21
1771
Бөлісу:
Ірі қара мал терісін шекара асырмақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар өткен тәулікте қазақстан-ресей шекарасындағы Ақтөбе шекара жасағының "Жайсан" өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара малдың терісін заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ұсталғандар 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар Ақтөбе облыстық МКД тапсырылды.

Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" және Павлодар шекара жасағының "Қосақ" өткізу пункттеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Петропавл шекара жасағының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге "УАЗ" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып аудандық полиция бөліміне тапсырылды.           


Өзгелердің жаңалығы