Бас жаңалықтар
Шектеулерді өмір салтына енгізуді үйрену керек - Рақымбекова
02 Шілде 2020, 14:27 672

Шектеулерді өмір салтына енгізуді үйрену керек - Рақымбекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шектеулерді өмір салтына енгізуді үйрену керек, деді "Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының" басқарма төрайымы Салатанат Рақымбекова.

Пандемия жарияланғалы өміріміздің салты өзгергені белгілі. Әрине, қазір бұқаралық шараларды ұйымдастыруды шектей тұру керек. Біз де барлық жұмысымызды онлайн форматқа көшірдік. Бұл - қазіргі жағдайдың басты талабы. Сондықтан да оларды қатаң сақтануымыз қажет. Үкіметтің 14 күндік шектеулері де жағдайды одан әрі ушықтырып алмау үшін жасалып отыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, ірі қалалардағы аурудың тіркелу  көрсеткіші артты.

Ірі қалаларда адам да көп, оның бірден-бір себебі сол болуы мүмкін. Қазір бұқаралық орындарға баруды шектеу қажет. Барлық ұсынымдарды толық орындап, жеке гигиена талаптарын ұстануды жалғастыра беру керек. Мен барлық сақтық шараларын ұстануға кеңес беремін. Шаралардың барлығына онлайн режимде қатысқан дұрыс деп есептеймін. Біздің өміріміз айтарлықтай өзгерді, пандемия аяқталған соң да бұрынғы қалпына келмейді деп ойлаймын. Онлайн форматты көп қолданатынымыз айқын, - деді ол.

Рақымбекова айтып өткендей, ауырғандар саны көбейіп кеткеніне халықтың босаңсуы себеп болды. 

Бұқаралық орындарға баруды шектеп, енгізілген шектеумен өмір сүруге дағдылану керек. Бұл шектеулерді өмір салтымызға енгізу қажет. Әрине, барынша жеке гигиеналық талаптарды сақтап жүру керек. Кейбір орындарда адамдардың маскасыз жүргенін байқаймыз. Оған салғырт қарауға болмайды, - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...