Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

30 Қазан 2020, 14:23
1234
Бөлісу:
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы