Шетелден келгендердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді

25 Ақпан 2020, 14:32
1583
Бөлісу:
Шетелден келгендердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда 2 мыңнан астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуда. Бұл туралы LS басылмы хабарлады.

Ақпан айының басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті әкімдіктердің рұқсатымен Қазақстан аумағында 19,1 мың шетелдік азамат жұмыс істейді деп мәлімдеген болатын.

Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар мен олардың орынбасарлары) 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4,3 мың (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9,6 мың (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1,7 мың (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік аударма аясында – 1,7 мың адам (9%) тартылды, - делінген хабарламада.

Бұл ретте шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны 2 мыңнан астам адамды құрады, оларда 479,3 мың қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%- ын құрайды.

Хабарланғандай, шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында 8,5 мың адам (45%) жұмыс істейді. Тау-кен өнеркәсібінде 2,2 мың адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде 1,5 мың адам (8%) еңбек етеді, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1,3 мың шетелдік (7%) еңбек етіп напақасын тауып жүр.

Еңбек мигранттары негізінен мына елдерден келген: Қытай – 5,2 мың адам (28%), Түркия – 1,9 мың адам (10%), Үндістан – 1,8 мың адам (10%), Ұлыбритания – 1,4 мың адам (8%), Өзбекстан – 965 адам (5%), - деп атап өтті ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің квотасы 29,3 мың бірлік көлемінде бекітілген болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда отандық және шетелдік қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйақы төлеу бойынша сәйкессіздіктің 161 фактісі анықталған. Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек үкімет қазақстандық компанияларда бірегей жалақы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырғанына сендірді.

Өзгелердің жаңалығы