Шетелден жұмыс күшін тартатын шетелдік кәсіпорындар жазасыз қалмайды – министр

17 Ақпан 2020, 13:30
1304
Бөлісу:
Шетелден жұмыс күшін тартатын шетелдік кәсіпорындар жазасыз қалмайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі шетелдік компаниялар жұмыс күшін тартатын болса, оларға әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Бас прокуратурамен бірлесіп шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды тексеру аяқталды, қажетті әкімшілік шаралар қабылданды. 2020 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің алдын алу және тәртібін күшейту үшін жұмыс берушілердің қызметкерлерге тең санитарлық-тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі міндетін және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отырмыз. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және тексеру парақтарына өзгерістер енгізілетін болады. Бұл жыл сайын қызметкерлерінің саны 250 адамнан асатын, 30-дан астам шетелдік қызметкерді тартатын кәсіпорындарды жоспарлы тексерулермен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сәйкес кәсіпорындарды тексеруді кедергісіз жүзеге асыру, еңбек инспекторларының штат санын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік еңбек инспекторларының мәртебесін қайта қарау жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, кәсіподақтардың қызметін жетілдіру, кәсіби тәуекелдерді бағалауға негізделген еңбекті қорғауды басқару жөніндегі жаңа тәсілдерді енгізу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек қызметін цифрлауды енгізу жөніндегі мәселелердің үлкен шеңберін қамтитын еңбек жөніндегі заң жобасы парламентте қарауда жатыр, - дейді министр.

Ол 2019 жылғы 17 маусымда Женевада министрлік пен халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен "Vision Zero" нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету туралы меморандум жасалғанын айтты.
Республиканың 137 кәсіпорны осы тұжырымдамаға қосылды. Бұл жұмысты барлық өңірлерде жандандыру керек. Облыс әкімдерінің орынбасарларын еңбекті қорғау, жалақы бойынша берешекті бақылау мәселелерін бақылауға алуды сұраймын, - дейді Біржан Нұрымбетов.
Өзгелердің жаңалығы