Бас жаңалықтар
ШҚО-да 80 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
14 Сәуiр 2021, 05:31 207

ШҚО-да 80 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері ШҚО-да жол қадағалау мамандары 450-ден астам тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 80 жол қызметінің басшылары мен Теміржол өткелдерінің 11 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 2 млн 600 мың теңгені құрады, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұл ретте үш лауазымды тұлғаға (оның 2-уі өскемендіктерге) 131 265 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі жағдайда тек әкімшілік шаралармен жол қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес, дейді полиция. Ол үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру қажет.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен ШҚО ПД ұсыныстарының арқасында соңғы жылдары көшелер мен жолдарда бірқатар нысандар салынды. Олардың ішінде Өскеменде 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Сонымен қатар, бағдаршамдардың 19 сол жақ бұрылысы орнатылды, бұл солға бұрылуды айтарлықтай жеңілдетті. Сондай-ақ авариялық-қауіпті учаскелерде солға бұрылуға тыйым салатын белгілерді орнату бойынша қосымша шаралар қабылданды. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері оларға бағдаршамдық реттеу орнатыла отырып, жойылды. Бұл ретте жаяу жүргіншілер өткелінің алдында 300 қума метрден астам шуыл жолақтары түсірілді және 30 жаңа бағдаршам объектілері салынды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 70-ке реконструкция жүргізілді.

Оқу орындары ауданында жаяу жүргіншілер өткелдерінің алыс қашықтықтан көрінуін жақсарту үшін ақ-сары түсті гаммада жол таңбасын салу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Облыс бойынша, бәріміз білетіндей, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңғырту жүріп жатыр- бұл "Алматы-Өскемен" және "Омбы-Майқапшағай" жолдары, осы жобалармен оларда апаттылықтың алдын алуға бағытталған іс - шаралардың үлкен кешені көзделген, - деп түсіндірді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша осындай жұмыстар ағымдағы жылы да жүргізілетін болады. Мәселен, Семейде жаңа мешіт ауданында екі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі және 13 көліктік және жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам объектілері, 18 оң жақты құлама салынады, сондай-ақ 4 000-нан астам жол белгісі ауыстырылады.

Бүгінгі таңда Өскеменде көшелердің 10 учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Уақытша жол белгілері орнатылды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...