ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр

15 Маусым 2021, 23:23
3805
Бөлісу:
ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр, деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің бизнесті тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы қолданысқа енгізілді.

Жарлық талаптарының сақталуын облыс прокуратурасы ерекше бақылауға алған. Атап айтқанда, өткен жылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылған екен. Олар уәкілетті органның шұғыл хабарламаларынсыз жүргізілген болатын.

Осы жылы уәкілетті органдардың тексеру кестесінен 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі алынып тасталды.

Мысалы, Глубокое санитарлық-эпидемиологиялық қадағау басқармасы осы жылдың бірінші жартыжылдығында «Нефрит 13» ЖШС шағын бизнесті тексеруін жоспарлаған.

Сондай-ақ Өскемен қаласының ТЖ басқармасы шағын кәсіпкерлік өкілі болып табылатын «Азамат» жеке меншік балабақшасына заңсыз тексеру жұмыстарын жоспарлапты.

Алайда Прокуратураның қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындар тексеру тізімінен шығарылып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

Жұмыс заңсыз тексерулерді анықтауға және осындай фактілердің алдын алуына бағытталған. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокуратурада ұтқыр топтар және СоІІ-орталық жұмыс істейді, олардың телефон нөмірлері облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған, – делінген ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Өзгелердің жаңалығы