Бас жаңалықтар
ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кірмек болды
12 Сәуiр 2021, 21:15 313

ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кірмек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кіруге тырысты,  деп хабарлады Polisia.kz. 

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері неке қию туралы жалған куәліктермен түрмеге ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған екі әйелді ұстады. Қазақстанның басқа қаласынан келген екі әйел “күйеулерімен” ұзақ кездесуге кірмек болып, түрме қызметкерлеріне жалған құжаттар ұсынып, түрме қызметкерлерін алдамақ болған. Құжаттарды тексеру кезінде түрме қызметкерлері ұсынылған құжаттардың ішіндегі азаматшалардың жазасын өтеп жатқан сотталғандарыдың заңды некеде екендігін анықтайтын неке куәлігінің түпнұсқалығындағы кейбір күмән туғызатын жайттарға күмәнданған. 

Көзге түскен бірінші нәрсе – бұл екі куәліктің де мереке күндері берілгендігі және екі құжат та әртүрлі Әділет басқармалары көрсетілгендігімен, құжаттағы қолтаңбалар бірдей болған. Сонымен қатар, куәлік бланкілерінің ескіргендігі күмән тудырды. Мекеме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке ісін тексеру барысында азаматшалардың осы сотталғандардың жұбайы екенін растайтын құжаттар мүлде болмаған, – деді облыстық ҚАЖД бастығы Жанболат Қалетаев. 

Әйелдер неке туралы куәлікті қайда алғанын түсіндіре алмады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. 

Егер құжаттарды қолдан жасау фактісі расталса, онда азаматшаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, – деп толықтырды Жанболат Қалетаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...