ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

24 Қаңтар 2021, 07:43
1740
Бөлісу:
ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ktk.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 25 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

72 жастағы «Honda accord» автокөлігінің жүргізушісі Новопокровка ауылынан Семейге қарай бара жатып, алдындағы көліктерді озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде ол «УАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысты, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы