ШҚО-дағы орман өрті. 35 үй өртеніп кетті

10 Мамыр 2021, 22:11
1667
Бөлісу:
ШҚО-дағы орман өрті. 35 үй өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы өртенді. Төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандар үшін жедел желі нөмірі іске қосылды.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектар өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 17 500 текше метр су төкті.

ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен  жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ,  ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.


Өзгелердің жаңалығы