ШҚО тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырды

22 Сәуір 2021, 20:09
1390
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша аталған қару Тула қару-жарақ зауытында шығарылған 13 калибрлі шебер Н.Кураковтың 1889 жылғы үлгідегі тегіс ұңғылы, қос ұңғылы, сүмбіл, шүріппелі, аңшылық мылтығы, яғни атыс қаруы болып табылады. Аталған мылтық екі ұңғыдан да атуға жарамды.

Ер адамның айтуынша, ол сирек кездесетін мылтықты марқұм анасының қоймасында қажет емес заттарды тастау үшін ескі заттарды реттеп жүген кезде тапқан тауып алған.

Криминалистер атап өткендей, бірнеше ғасыр өткеніне қарамастан, мылтықтың дизайні өзгеріссіз қалған және атуға жарамды.

Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы қала тұрғынына қару үшін 60 000 теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша, екі күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ – дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша халықтан 5 млн.теңгеден астам сомаға 79 бірлік қару (ойық – 11 және тегіс ұңғылы - 68) қабылданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап (ерекше өкімге дейін) ШҚО аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде.

Өзгелердің жаңалығы