«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

24 Қазан 2020, 17:37
3292
Бөлісу:
«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада алғаш рет Рашид Нүрекеевтің жеке көрмесі өтіп жатыр.

Рашид Нүрекеев - қазақстандық заманауи өнердің аға буын өкілдерінің бірі. «Шүкір, жақсы тұрамыз» - бұл суретшінің 90-жылдардың басындағы және соңғы уақыттағы туындыларын біріктірген және Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы үлкен ретроспективасы. Бұл көрме, біз өмір сүріп жатқан қоғамның көрінісі. 

Суретші өз туындылары арқылы өзін ойлы бақылаушы, өз елін сүйетін, бірақ қазақстандық шындықты сыни тұрғыдан зерттейтін адам ретінде танылады.

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Бұған дейін суретші Рашид Нүрекеевтің көрмелері Германияда, Австрияда және Израильде өткізілді. Алайда ол халықаралық өнер сахнасында танымал бола алғанына қарамастан, жергілікті көрермендер автордың шығармашылығымен әлі де болса таныс емес. 

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Рашид айтқандай, «Дәстүрлі кескіндеме қазіргі заманғы мәдениеттің сын-қатерлеріне жауап беруден қалды». Ол заманауи осы шындықты өзінің әр түрлі экспрессивті құралдары мен «Шүкір, жақсы тұрамыз» көрмесі арқылы ашуға тырысқан. Рашид Нүрекеев - талғампаз аудитория үшін жаралған суретші. Біріншіден, оның жұмыстары сирек көрмеге қойылады және оның суреттерінің көпшілігі жеке коллекциялардан орын алған. Екіншіден, Нүрекеев көрерменнен белсенді позицияны күтеді, - деп атап өтті көрме кураторы Мадина Серғазина.

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Оның айтуынша, COVID-19 індетіне байланысты қиын жағдай бүкіл қоғам үшін, өнер әлемі үшін үлкен сынақ. 

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Жалған жаңалықтар мен инфекциялардың статистикасы - осының бәрі қоғамдық санада із қалдырады және сезімталдылық пен шындықты қабылдаудың жаңа режимдерін іздеуге итермелейді. Өнер мұндай жағдайда шабыт пен шындыққа жаңа түсінік беру миссиясын орындайды, - дейді ол көрме туралы.
Көрмеде бірнеше қызықты, ерекше жұмыстар қойылған.

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Көріп тұрғандарыңыздай, бұл сурет Алғыс айту күніне орай жасалған туынды.

Сонымен қатар көрмеден түрлі жан-жануарлар да бейнеленген өнер туындаларын тамашалауға болады.

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Сурет Нүрекеевтің жеке көрмесінен Абай атамыздың да суретін көруге мүмкіндік бар.

«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Айта кетейік, көрмені сәрсенбі-жексенбі күндері аралығында сағат 12:00-20:00-ге дейін тамашалауға болады.

Өзгелердің жаңалығы