Бас жаңалықтар
Шығармашыл жастарды қолдау: Республикалық жобаның қорытындысы шығарылды
21 Қараша 2020, 14:46 128

Шығармашыл жастарды қолдау: Республикалық жобаның қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландырған «шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жалпы республикалық жобасы аяқталды.

Республикалық конкурстарға қатысу үшін 30 жеңімпаз 200 000 теңгеден, ал 20 адамға 700 000 теңгеден шағын гранттар алды. Бұл гранттар халықаралық шығармашылық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар үшін үлкен шығармашылық әлеуеті бар Қазақстанның талантты, дарынды жастарын анықтау және қолдау маңызды болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан қатысушылар ерекше қолдау тапқандықтан, жоба әлеуметтік маңызға ие. Конкурстық іріктеуге 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатыса алды. Сондай-ақ Қазақстанның талантты, дарынды жастарынан құралған командалар қатысты.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ әлеуметтік жобасын «Логос-Қарағанды «Мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ жүзеге асырды. Қоғамдық ұйымның төрағасы Әлия Сүлейменова дарынды жастарды анықтау мақсатында осы жобаны тұрақты негізде жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Біз қанша белсенді жастар өтінім беріп, өз таланттарын көрсеткенін көріп отырмыз. Мұндай жастарды қолдау, шығармашылық салада алға жылжуға көмектесу керек. Біз бұл үшін бюджет қаражатын ғана емес, шетелдік елшіліктерден, демеушілер мен меценаттардан көмек тартуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Грант қаражатын келесі мақсаттарда пайдалануға болады: конкурсқа қатысуға арналған нысаналы жарна, жол жүру, тұру, трансфер, виза, медициналық сақтандыру немесе музыкалық аспаптар мен қажетті жабдыққа, конкурстық костюмге. Гранттарды бөлу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылды. Ізденушілер келесі бағыттар бойынша іріктелді: музыка, хореография, театр, кино, цирк өнері, әдебиет, бейнелеу өнері, сәулет, дизайн.

Байқау қорытындысы бойынша гранттарды 28 жеке ізденуші, 40 адамнан тұратын 5 ұжым, 22 грант алды. Олар 60-тан астам байқауға қатыса алды. Халықаралық шығармашылық алаңдардың географиясы Оңтүстік Кореядан бастап, АҚШ, Чехия, Ресейге дейін, сонымен бірге, Түркия, Франция, Испания және басқа елдерге таралды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...