Шығыс Қазақстанда қатты желден ғимарат шатыры ұшып кетті

17 Қаңтар 2021, 11:22
1366
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қатты желден ғимарат шатыры ұшып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше облыс аумағында секундына 32 метр болған қатты желден Жарма ауданы Шуақ аулында орналасқан бір ғимарттығ шатыры ұшып кеткен, бұл туралы altaynews.kz жазды.

Мәлім болғандай шатырын жел алып кеткен ғимарат ауыл қазандығы. Оның 36 шаршы метр аумағы енді қайта жөндеу жұмысатарын талап етеді. Оқиғадан ауыл тұрғындарынығ ешбірі зардап шекпеді. 

Өңірде 16 және 17 қаңтар күндері желдің ұйытқуы 30 м/с-ке жетеді деп дауылды ескерту жарияланған болатын. 

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға абай болуды тағы бір мәрте ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы