Бас жаңалықтар
Шығыста ерекше шығармашылық кеш өтеді
21 Қараша 2020, 22:22 127

Шығыста ерекше шығармашылық кеш өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне» арналған «Ертістің бойы – есіл жыр» атты жас ақындар арасындағы облыстық поэтикалық battle жобасын жариялады.

Алтайньюс порталының хабарлауына қарағанда поэтикалық battle облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен 9 желтоқсаны күні өтеді. 

Байқауға 14-29 жас аралығындағы ақындар қатысы алады. Қатысуға тілек білдіруші ақындардың өтінімдері 25 қарашаға дейін d.isagul@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Поэтикалық батл жеңімпаздары – І, ІІ, ІІІ орын арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

- Бірінші орын (біреу) – диплом, «Жылдың үздік жас ақыны» символдық белгісі, 100 мың теңге;

- Екінші орын (біреу) – диплом, 70 мың теңге;

- Үшінші орын (екеу) – диплом, 50 мың теңге;

- Бұлардан бөлек бірінші, екінші айналымда батлдан шығып қалған ақындарға да арнайы алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер қарастырылған.

Поэтикалық battle-дың толық ережесі мен шарттары кітапхананың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...