Шымбұлаққа барар жолды су басып қалды

5 Мамыр 2021, 17:50
1677
Бөлісу:
Шымбұлаққа барар жолды су басып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше жолды су басу оқиғасы бүгін болған.

5 мамырда сағат 15:52-де Алматы ТЖД-не Медеу ауданы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қардың көп еруі салдарынан көлемі 5 м3 судың тасуы туралы ақпарат келіп түсті. Бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды, - делінген хабарламада.

Мәліметте зардап шеккендер мен мерт болғандар, сондай-ақ қираулар болмағаны айтылған. 

«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер  су бұру құбырын тазартып, нәтижесінде судың өткізу қабілеті қалпына келтірілген.

Оқиға орнына 16 қызметкер, 6 бірлік техника жұмылдырылған, оған Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Алматы Су» АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.

Өзгелердің жаңалығы