Шымкентке кіретін автожолдарға 12 арнайы блок-бекет қойылды

25 Наурыз 2020, 15:13
2370
Бөлісу:
Шымкентке кіретін автожолдарға 12 арнайы блок-бекет қойылды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 25 наурыздан бастап Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.

Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. 

12 арнайы блок бекет мына елімекендер бағытындағы жолдарға қойылған: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы, Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы, - делінген хабарламада. 

Бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. 

Еске салсақ, 24 наурыз күні кешкісін Шымкентте бір адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталды. 1986 жылы туған ер адам 20 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан автобуспен келген екен.

Өзгелердің жаңалығы