Бас жаңалықтар
Шымкентте 18 ауылшаруашылық жобасы жүзеге асырылуда
03 Маусым 2020, 16:55 159

Шымкентте 18 ауылшаруашылық жобасы жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының агроөнеркәсіп кешенінде биылғы жылы жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады.

Атап айтқанда 15 гектар жерге қарқынды алма бау, 20,7 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешені, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқа шығаруды кеңейту мен  ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, жеміс-көкөністі қайта өңдеу, ірімшік өндіру кәсіпорнын кеңейту, ұн өндіруді модернизациялау, мал бордақылап, ет өндіру және асыл тұқымды етті-сүтті бағыттағы ІҚМ кешені сынды жобалар жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде жыл сайын қосымша 300 тонна алма, 5,1 мың тонна көкөніс, 

1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 20 млн банка консерві өнімдері, 500 тонна сыр, 1 250 тонна ет өндірілетін болады.

Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда "Д-Сабыр" ЖК құны 150 млн теңге болатын 15 гектарға қарқынды алма бау, "Колесников А.В" ШҚ және "Arman-AGRO" ШҚ жылыжый кешені, "Тассай құс" ЖШС және "Шымкент құс" ЖШС құс фермаларын кеңейту бойынша жобаларының құрылыс жұмыстары аяқталып іске қосылды. Қалған 14 инвестициялық жобаларда құрылыс жұмыстары жүруде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...