Шымкентте Абай атындағы кітапхана жаңғыртудан кейін қайта ашылды

20 Маусым 2021, 13:03
3762
Бөлісу:
Шымкентте Абай атындағы кітапхана жаңғыртудан кейін қайта ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат пен шаһар басшысы Мұрат Әйтенов арнайы келді. 

Қонақтар кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай-ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді. 

Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Бүгінде Шымкент қаласында мәдениет нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы