Шымкентте ЭКО-ның квотасы 7 есе көбейеді

26 Қаңтар 2021, 00:05
1452
Бөлісу:
Шымкентте ЭКО-ның квотасы 7 есе көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота санын 7 есеге дейін ұлғайтылу жоспарлануда. 

2020 жылы қалада 64 квота бөлінген болатын. ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. 

ЭКО жасайтын медициналық ұйымды әйел азаматшаның өзі таңдайды. Басқарманың мәліметінше, бүгінде кезекте 400-ге жуық әйел бар. Оның басым бөлігі 2020 жылы өтініш берген. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек. Сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы