Шымкентте ескі үйлер сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтереді

5 Наурыз 2021, 23:44
1758
Бөлісу:
Шымкентте ескі үйлер сүріліп, орнына жаңа үйлер бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының аумағында 45 тұрғын үйдің әбден тозған. Ондағы пәтерлер саны – 470. Ескі үйлердің сүріліп, орнына жаңасын салу туралы мәселе Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен жиында қаралды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тозығы жеткен үйлердің 18-і Т.Әлімқұлов көшесі бойындағы 2 қабатты үйлер.

Тозығы жеткен үйлердің жыртығын жамап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселені түбегейлі шеше алмаймыз. Дұрысы оларды сүріп, орнына жаңа тұрғын үйлерді соғуымыз қажет. Нәтижесінде шаһардың сәулетіне де сән келеді. Іске кіріспес бұрын әр тұрғынның пікірін жеке тыңдап, қалауымен санасатын боламыз. Құрылыс кезінде уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі немесе орнына тең пәтер қарастырылады, - деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.

Жиында атап көрсетілгеніндей, тозығы жеткен үйлерді реновациялау мақсатында бекітілген механизмдер арқылы іс-шараларды жүргізу ұйымдастырылатын болады. Қазіргі таңда «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан бұл іске инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен қалада 35 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басым бағыттарының бірі – тұрғын үй қорын жаңғырту аясында коммуналдық меншіктегі 29 көпқабатты тұрғын үйге де ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.


Өзгелердің жаңалығы