Шымкентте індет жұқтырған 34 адам тіркелді

23 Мамыр 2020, 10:15
957
Бөлісу:
Шымкентте індет жұқтырған 34 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді (22.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 Шымкент қаласы тұрғынынан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: 19-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған, 1-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

22.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адам анықталды.
Өзгелердің жаңалығы