Бас жаңалықтар
Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті
21 Қараша 2020, 23:07 112

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында үшінші мегаполисте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Отырар телеарнасының  мәліметіна қарағанда, Бәйдібек би ескерткішінің жанындағы этно-тарихи кешенде өтіп жатқан көрмеге қаламыздағы 15-ке жуық үздік қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. Олардың қатарында К. Қарабдалов, Б. Бейсбеков, М.Атахан, Б. Жетпісалиев және тағы басқа да белгілі қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары бар.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының Ғылыми ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жақанқызының айтуынша, бұл көрменің ұлттық қолөнерімізді насихаттауға қосып отырған үлесі мол.

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғаны белгілі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Шымкент шаһары б.з.д. ІІ ғасырда іргесі қаланған, Ұлы Жібек жолының бір бөлігінде орналасқан, тарихы бай, шежіреге толы мәдениет ордасы. Керуен жолдар қала арқылы Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Олардың гүлденуі жоғарыда айтылған халықаралық сауда жолдарымен тығыз байланысты болған. Мінеки, бүгінгі көрме барысында қолөнер шеберлерінің туындысында қаламыздың тарихын айшықтаған ағаш және былғары бұйымдар, әшекей заттар, ұлттық музыкалық аспаптарымыз т.б. көрініс тапқан. Көрме ертең де жалғасады, – дейді Гүлшат Жақанқызы.

Айта кетейік, «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі 2020 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) онлайн форматта өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...