Шымкентте мемлекеттік қызметке тұрғызу үшін 15 мың доллар алған

30 Шілде 2020, 16:03
1612
Бөлісу:
Шымкентте мемлекеттік қызметке тұрғызу үшін 15 мың доллар алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте бөлім бастығы мемлекеттік қызметке тұрғызу үшін 15 мың доллар пара алған деген күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 сәйкестендіру бөлімі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2020 жылғы 27 шілдеде "А" деген азаматтан оны мемлекеттік ревизор-аудитор лауазымына тағайындағаны үшін 15 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатты жеке өзі алды деген күдікке ілінді, - дейді Қайсар Баржақсынов.

Сонымен қатар, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ жанындағы "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін өткізуде. Ол нақты орындалмаған жұмыс үшін қызметтерді жеткізушіге ақша аудару арқылы сомасы 5,3 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - дейді тергеуші.

Өзгелердің жаңалығы