Бас жаңалықтар
Шымкенттегі инвестициялық базаға 157 жоба енген
26 Ақпан 2021, 23:37 280

Шымкенттегі инвестициялық базаға 157 жоба енген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Нәтижесінде 2020 жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша шаһарға инвестиция тарту бойынша Шымкент республикада 17-орыннан 2-орынға шыққан.

Сонымен қатар өткен жылы 2020-2025 жылдарда іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оған құны 1,4 трлн теңге құрайтын 157 жоба енді.

2020 жылы осы жобалардың 34-і жүзеге асып, 2000 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жобаларға 88,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 11,8 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылған.

Осы жылы мегаполисте 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды, өсімі 26 пайызды құрамақ, – делінген баспасөз мәліметінде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...