Шымкенттегі сенбілікке 30 мыңнан астам адам атсалысты

19 Қыркүйек 2020, 15:49
1347
Бөлісу:
Шымкенттегі сенбілікке 30 мыңнан астам адам атсалысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік акцияның мақсаты -  экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. 

Шымкенттегі сенбілікке 30 мыңнан астам адам атсалысты

Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді.

Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен жаңа көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта отырғызылған болатын. Ал тұқымбақта 62 ағаш түрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

Шымкенттегі сенбілікке 30 мыңнан астам адам атсалысты

Одан өзге сенбілік кезінде құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар қала көшелерінде, жергілікті аудан әкімдері коммерциялық нысан қызметкерлерінің, кәсіпорын ұжымдарының, ауыл билері мен кондоминиум нысандарының төрағаларын тарта отырып тұрғын үй аулаларының тазалау жұмыстарын жүргізді.

Шымкенттегі сенбілікке 30 мыңнан астам адам атсалысты

Сонымен қатар, Еріктілер жылына орай акцияның өтуіне 100-ге жуық қалалық жастар орталығының мамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері атсалысты. Олар Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қызметкерлерімен бірге Бадам өзені аумақтарын тазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады.

Іс-шараға жалпы 30 000-нан астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техника жұмылдырылды.

Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Айта кету керек, барлық жұмыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.

Өзгелердің жаңалығы