Бас жаңалықтар
Шымкентті цифрландыру қалай жүріп жатыр? Жобаларға шолу
30 Мамыр 2020, 13:09 215

Шымкентті цифрландыру қалай жүріп жатыр? Жобаларға шолу

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі, қатаң карантин – мұның барлығы азаматтардың цифрлы қызметтерге сұранысын күшейтті. Қашықтан басқару, қашықтан жұмыс істеу, онлайн қызмет алу, онлайн оқыту, онлайн байланыс алға шықты. Бұл үрдіс жалғаса бермек. 

Осы орайда Шымкент қаласында цифрландыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Қандай жобалар бар? Міне, осы туралы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы Мақсат Туғанбаевтан сұрадық. Айта кетейік, аталған басқарма Шымкент қаласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласына ІТ-шешімдер енгізумен айналысады.

"Біз барлық салалық басқармамен жұмыс істейміз"

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы жаңа да жас басқармалардың біріне жатады. Құрылғанына бірнеше жыл болған басқарманың басты міндеті - ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау.

- Ақпараттық жүйелер, портал, сайт деген сияқты құрылымдарды енгіземіз. Карантин кезінде жұмыс жүйесі онлайн форматқа көшті. Әкім аппаратындағы жиналыстардың барлығы онлайн жұмыс жүйесіне өтті. TrueтPhone ақпараттық жүйесімен жұмыс істейміз, Zoom ақпараттық жүйесін де қолданданамыз. Zoom бойынша барлық ақпаратымыз бұлтты сақтау жүйесінде сақталатындықтан, өз кезегінде ақпараттық қауіпсіздікке кедергісін келтіреді. Сондықтан да Труфон деген бағдарламамен көбірек қолданамыз. Бұл сервер әкімшілік ғимаратында орналасқан. Шұғыл жиналыстар болатын кезде біз тез арада логин, құпиясөздерді таратып, қостырып, жиналыс өткіземіз. Біздің басқарма салалық басқармалармен жұмыс істейді. Мысалы тұрғын үй коммуналды шаруашылық, білім, денсаулық басқармасы, жалпы барлық басқарманың цифрландыруға қатысты қандай да бір ұсыныстары болса, біздің басқармаға хат жазып, келісім алу керек. Қандай жүйе енгізгелі жатқанын айтуы қажет. Біз сол ұсынысты қараймыз. Техникалық жағынан да, қаражат жағынан да жан-жақты қарауымыз керек. Бизнес планы мен интернетке қолжетімділік жағын да, бәріне назар аударамыз. Осындай тексеру нәтижелерінен кейін келісімімізді беріп, іске қосамыз. Мысалы, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының арнайы кезекке қою және арнайы өтініш бері бойынша порталы бар. Ал білім басқармасында оқытушылардың онлайн режимінде өтініш беруі онлайн форматта өтеді. Денсаулық басқармасының 103 деген жобасы бар. Ол - медициналық call-орталық құру. Бұл жоба осы жылдың аяғына дейін енгізіледі. Осы сияқты жобалар тікелей біздің басқармадан келісім алып, іске қосылады, - дейді Мақсат Туғанбаев.
Мақсат Туғанбаев (1).jpeg

Компанияларға қойылар талаптың бірі – интеграция жасай білу. Бүгінде қауіпсіздік мәселесі де аса өзекті. Міне, сондықтан да қауіпсіздік бағытындағы жобаларға көңіл көп бөлінеді екен. 

- Минстрлікте эталондық стандарт деген құжат бар. Біз сол құжатқа сәйкес жұмыс істейміз. Бұл құжатта білім, денсаулық және тағы басқасы бойынша барлығы 11 сала бар. Соның бірі – қауіпсіздік саласы. Қауіпсіздік саласы бойынша камера санын көбейту, арттыру мақсатымыз бар. Осы мақсатқа байланысты Сергек камераларды орнаттық. Блок-посттарға сергек камерасының жәшігін қойдық. Қазір қалада 18 блок-пост болса, барлығында Сергек камералары орнатылған. Мұның барлығы да сол блок посттағы жағдайларды мониторингілеу мақсатында атқарылған жұмыстар. Бізде арнайы штаб құрылды. Штаб құрамында полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы сияқты біраз басқарманың мамандары бар. Солармен бірге блок посттағы жағдайларды монитеринг жасау мақсатында камералар орнатылды. Биыл бізде автомобилдь жолдары және жолаушылар көлігі басқармасымен бірігіп, электронды билеттер жобасы іске асырылып жатыр. Мұнымен бірге Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік ID-карта деген жобасы бар. Міне, осы екі жоба мәліметін біріктіруге болады. Мысалы, көлік басқармасы электронды билетін енгізген жағдайда: Бұл жүйе 20осындай жүйемен интиграция болуы керек деп шарт қоя аламыз. Егер өнім беруші компания осы шартпен келіспесе, басқа компанияларды іздеуге тура келеді. Басқармамызда ІТ-мамандар жұмыс істейді. Сондықтан да көптеген серверлер және интернетке қолжетімділік бағаларын білеміз. Егер компаниялардан, басқармалардан келіп түскен ұсыныс бойынша оның сомасы жоғары болса, әрине келісім берілмейді, - дейді бас маман.

109 жобасы – қандай жоба?

Цифрландыру басқармасының 109 деген жобасы бар. Бұл жоба халықпен тығыз қарым-қатынас жасау үшін мониторинг жүргізуге арналған.

- Бұл call-орталыққа адамдар коммуналдық меншік сұрақтары және тағы басқа да сұрақтары болса, хабарласады. Мысалы, тал құлады, кесу керек, көше жиналмай жатыр, кәріз қақпағы жоқ, аузы ашық қалды деген сияқты сауалдарын айтады. Жобаны жыл соңына дейін енгізу мақсатымыз бар. Цифрлық даму министрлігі тарапынан да сондай тапсырма болды. Осы мерзім ішінде іске асырамыз. Бұл барлық аудан әкімдігі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы монополия қызметкерлерінен келісім алып, жауапты қызметкерлерді тағайындап, содан кейін іске қосылады, - дейді Мақсат Туғанбаев.

"Күнбағыс" жобасы – орындықтарға тегін wi-fi

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының виртуалды жобалары да бар. Мәселен, кез келген меткаға смартфонмен жақындағанда тірідей модель шығаратын жоба әзірленіп жатыр. Биыл Абайдың 175 жылдығында Ақынның тарихы немесе Қара сөздерін салып, халыққа қолжетімді болуын жоспарлап отырмыз. "Автобустардың ішіне де қоямыз" деген жоспарымыз бар. "Күнбағыс" деген жоба жоспарланып отыр. Мысалы, орындықтарда тегін уай фай болады. Олар күннен қуат алып жұмыс жасайды. Бұл ТМД елдерінің мәдени астанасына арналған жоба. Осындай ел игілігіне ұсынар тамаша жобаларымызды жоспарға қойдық, - дейді цифрландыру маманы.
цифрландыру.jpg

"Цифрлық сауатты арттыру бойынша көбіне мұғалімдерді оқытамыз"

Мақсат Туғанбаевтың сөзінше, цифрландыру дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда халықпен тығыз қарым-қатынас жасау үшін онлайн негізінде жұмыс істеу.

- Уақытыңызды үнемдеп, үйде отырып-ақ барлық мемлекеттік қызметтерді Электронды үкімет, яғни egov.kz порталы арқылы қолданасыз. Бұл – заманауи бағыт. Сондықтан да біз заманға сай алға жылжуымыз керек. Осыған байланысты әрбір адам цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру керек. Халықтың цифрлық сауаттылығы артса, алдағы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіру үшін көмек болады. Ел деңгейін көтеруге цифрландыру бағытының қосар үлесі зор. Бізде жыл соңына дейін халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру үшін атқарылатын жұмыстар да бар. Былтыр қала бойынша 12 мың адамды цифрлық сауаттылық бойынша оқытып, министрлікке есеп бергенбіз. Биылғы жоспарымыз – 13 мың адам оқытамыз. Бұл жоба 5 бағытта атқарылады: Базалық дағдырлар, E-коммерция, Ашық үкімет, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, Электронды үкімет және электронды мемлекеттк қызметтер туралы сауаттандыру. Цифрлық сауаттылықтарын арттыру үшін көбінесе мұғалімдерді оқытамыз. Қаламызда 135 мектеп болса, сол оқу орнында жұмыс істейтін мұғалімдерге информатика пәнін үйретеміз. Мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді және цифрлық сауаттылығымды арттырамын деген кез келген адамды оқытамыз. Біздің Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру жобасын алдын ала порталда жариялаймыз. Егер қажет деп тапса, халық сол жерде жазылса, біз ол кісілерді қабылдап оқытамыз. Біз жаз мезгілін таңдаймыз. Үш ай жүргізіледі. Мемлекетіміз алға басу үшін әрбір адам цифрлық сауаттылығын арттырғаны жөн, - дейді Мақсат Туғанбаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...