Қытай америкалық дипломаттардың Шыңжанға кіруіне тыйым салмақ

3 Желтоқсан 2019, 16:35
8752
Бөлісу:
Қытай америкалық дипломаттардың Шыңжанға кіруіне тыйым салмақ

Алматы, BAQ.KZ. ҚХР билігі америкалық дипломаттардың Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданына кіруіне тыйым салмақ. Бұл туралы Global Times қытай газетінің бас редакторы Ху Сицзинь мәлімдеді, деп жазды ТАСС.

Менің білуімше, АҚШ Конгресі Шыңжан жөніндегі заң жобасын қолға алғалы бері Қытай америкалық ресми тұлғалар мен сенаторларға қатысты шектеулер енгізбек. Сонымен қатар, ҚХР билігі америкалық дипломатиялық паспорты барлардың барлығын Шыңжанға кіргізуге тыйым салғалы жатыр, - деп жазды редактор Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданында әр кезеңде ұсталғандардың саны 1 млн-ға жуық адамға жетуі мүмкін деп мәлімдеген. Оған жауап ретінде ҚХР-ның СІМ-нің ресми өкілі Гэн Шуан Шыңжанда адамдардың нәсіліне және діни белгісіне қарай құқықтары бұзылып жатпағанын хабарлаған.

Аталған ауданда ұйғырлар орналасқан және олар ислам дінін ұстанады. Қытай билігінің мәліметінше, Шыңжанда халықаралық террористермен байланысы бар сепаратистік топтар бар.

Өзгелердің жаңалығы