"Шырақшы" фильмі Сочидегі фестивальде көрсетіледі 

20 Қараша 2019, 12:03
3335
Бөлісу:
"Шырақшы" фильмі Сочидегі фестивальде көрсетіледі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ермек Тұрсыновтың "Шырақшы" фильмі Ресейдегі Сочи қаласында қарашаның 16 мен 21 аралығында өтіп жатқан Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінің басты байқауына қатысып жатыр.

Бұл фильм екінші дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады.
Кинотуындының әлемдік тұсаукесері XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында  өтті. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов Анапада өткен "Киношок" фестивалінде "Кино өнеріне адал кейіпкердің образын көркем сомдағаны үшін" қазылар алқасының дипломымен, ал картинаның операторы Мартин Сечанов  А.Княжинский атындағы "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесімен марапатталды. Ал жақында бұл картина "Алтын глобус" жүлдесіне үміткерлер қатарынан көрінді, - делінген ақпаратта.
Ресей мен Ұлыбританияның ұйымдастыруымен өтетін Сочидегі халықаралық кинофестиваль және "Ирида" киножүлдесі жылына екі рет өткізіледі. Бұл байқау желтоқсан айында Ресейдегі Сочи қаласында, ал наурыз айында Лондонда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы