Синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мамыр айына шегерілді

28 Қаңтар 2021, 14:56
1446
Бөлісу:
Синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мамыр айына шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синхронды жүзуден Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің соңғы айналымы наурыздан мамырға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық су спорты түрлері федерациясы хабарлады, деп жазады Olympic.kz.  

4-7 наурыз аралығында Токиода өтеді деп жоспарланған доданың мамырға ауыстырылуына Жапонияда төтенше жағдай режимінің енгізілуі себеп болып отыр.  Сол себепті, ұйымдастырушылар турнирді 1-4 мамырға шегерді. 

Айта кетелік, Жапониядағы төтенше жағдай режимі 7 ақпанға дейін жалғаспақ. Егер елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлай түссе, төтенше жағдай режимі тағы бір айға созылуы мүмкін. Синхронды жүзуден Қазақстан командасында бір жолдама бар. Токио Олимпиадасында Екатерина және Александра Немичтер сынға түседі.   

Өзгелердің жаңалығы