Бас жаңалықтар
Өскеменде екі мыңға жуық үйді су басу қаупі бар
17 Қаңтар 2020, 12:21 312

Өскеменде екі мыңға жуық үйді су басу қаупі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында екі мыңға жуық үйге су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлады Алтайньюс. 

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала әкімдігі өкілдерімен бірге су басу қаупі бар учаскелерді аралап көрді. 
Өскеменде тұрғындар жыл бойы мекендеп отырған саяжайларды қоса есептегенде 1965 тұрғын үйді су басуы мүмкін. Мамандар аталмыш аумақта айналма жол жасап, қалың қарды тасып төгіп, су өткізетін құбырларды тазалайды, – деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі. 


Фото: дереккөз
Загрузка...