Өскеменде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

30 Қыркүйек 2020, 15:30
1961
Бөлісу:
Өскеменде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен полициясы астанадан келіп есірткі сатқан ерлі-зайыптыларды анықтады, деп хабарлады altaynews.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, «жеңіл жолмен ақшаға кенелуді ойлаған» отбасы астанадан Өскеменге қыркүйекте келген. Психотропты заттарды саудалаумен айналысқан. Олар көлемді психотропты заттардың дозасын шағын дозаға бөліп, жасырын түрде сатып келген.

Тінту барысында күдіктілерден 150 грамм психотропты заттар табылды. Бұл 500 реттік дозаға тең. Бағасы төрт миллион теңгеден басталады. Сонымен қатар дозаларды қаптауға және өлшеуге арналған құрылғы да табылды, – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Күдіктілер қазіргі уақытта Уақытша қамау изоляторында. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айып расталған жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы