Өскеменде көлік жүрісіне жұп және тақ сандар ережесі енгізілді

1 Сәуір 2020, 10:24
2041
Бөлісу:
Өскеменде көлік жүрісіне жұп және тақ сандар ережесі енгізілді

Алматы, BAQ.KZ.  Өскемен мен Семей қалаларындағы қозғалысқа 2 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы altaynews хабарлады.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, қалаға кіруге және қаладан шығуға шектеу қойылып, қозғалысты қадағалау үшін арнайы 7 блок-пост қойылған. 

Сондай-ақ күндіз қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі. Ал түн мезгілінде қызметтік көліктерден басқалары жүрмейді. Бір аптадан кейін қоғамдық көліктер мүлдем тоқтайды. 35 стратегиялық кәсіпорынның қызметкерлерін 204 микроавтобус және 10 трамвай бекітілген маршрут бойынша апарып-әкеліп отырады. Сондай-ақ 6 сәуірден бастап жеке көліктердің қала ішінде жүруіне шектеу қойылмақ. Күнтізбеде жұп санмен белгіленген күндері мемлекеттік тіркеу номері жұп санмен аяқталатын (0 қосылады) көліктер, ал тақ санмен белгіленген күндері тиісінше, мемлекеттік тіркеу номері тақ санмен аяқталатын көліктердің жүруіне рұқсат беріледі, – дейді қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы