Өскеменде өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты

22 Қыркүйек 2020, 00:15
1257
Бөлісу:
Өскеменде өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Үлбі өзеніндегі көпірде болды. Көпірден Нұрмағамбетов көшесіне қарай шығаберісте өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысқан.

Трамвай көпірден өтіп келе жатты, ал өрт сөндіру көлігі Протозанов көшесімен жүрген. Анықталғандай, өрт сөндіру көлігі шақыртуға бара жатқан. «Сергек» бейнебақылау камераларындағы жазба зерттелді. Бейнежазбадан өрт сөндіру көлігінің дабыл шамдары қосылып тұрғаны көрінді. Трамвай оған жол бермей қойған, - деп хабарлады департамент өкілдері.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Зардап шеккен адам жоқ. Жол ережесін бұзған трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Өзгелердің жаңалығы