Өскеменде жаңадан инфекциялық бөлім ашылады

4 Тамыз 2020, 16:38
1293
Бөлісу:
Өскеменде жаңадан инфекциялық бөлім ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық басталып кетті. 

Қыркүйектің ортасында Өскемен қаласында заманауи құрылғылармен жабдықталған 210 орындық жаңа инфекциялық бөлім ашылады, деп жазды Altaynews.kz сайты. 

Өңір ауруханаларында орын тапшылығы бар. Бүгінде төсек-орын қорының жүктемесі 30 пайызға төмен. Қауіпті індеттің екінші толқыны мен респираторлық аурулардың асқынатын кезеңі қатар келгенде орын жетіспеушілігінің салдары ауыр болуы мүмкін. Осы орайда облыс орталығында бірнеше жыл бос тұрған Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының ғимаратын жөндеуден өткізіп, қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету көзделіп отыр, - делінген ақпаратта.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, аурухана ғимараты қыркүйек айының ортасына дейін іске қосылады. Мұнда қойылатын компьютерлік томографқа және жұқпалы аурулар бөліміне қажетті әлемдік стандарттарға сай медициналық жабдықтарға тапсырыс берілді.

Пандемия аяқталғаннан кейін бұл бөлім Шығыс Қазақстан облысының пульмонологиялық орталығына айналады.
Өзгелердің жаңалығы