Өскемендегі 6,5 мың подъезд дезинфекциялануы тиіс

29 Наурыз 2020, 19:00
1140
Бөлісу:
Өскемендегі 6,5 мың подъезд дезинфекциялануы тиіс

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласының әкімдігі ай сайын әр пәтер иелері копперативіне 150 мың дана хлор таблеткасын беріп отырмақ.

Облыс орталығындағы барлық подъездерді зарарсыздандыру мақсатында шаһар басшылығы қаладағы пәтер иелеріне хлор таблеткалары мен жуып-шаю құралдарын табыстауды бастады. Бұл шара коронавирус дертінің алдын алу мақсатында қолға алынған амалдардың бірі. Тұрғындарды дезинфекциялау жұмыстарына бір адамдай атсалысуға шақырған әкімдік өкілдері қаладағы көпқабатты үйлерде 6522 подъезд барын атап өтті.

Бізге өзімізден артық ешкімнің көмек көрсетпейтіні белгілі. Барлық подъездерді зарарсыздандыру мүмкіндігі беріліп отырғанда, оны пайдаланбау тіптен мүмкін емес. Сол себепті, біз осы саладағы басқарушы компаниялар ретінде тазалайтын құралдарды таратуға міндеттіміз, - дейді "Ленин 50" ПИК директоры Ольга Умарова.

Қала билігінің хабарлауынша, ай сайын әрбір пәтер иелері кооперативіне 150 мың хлор таблеткасы беріліп отыратын көрінеді. Дезинфекция күніне екі мәрте жүргізілуі тиіс. Яғни күн сайын баспалдақ алаңдары, шеттері, пошта жәшіктері, домофон түймешелері мен есік тұтқалары сүртіліп отыруы тиіс. Сондай-ақ қаладағы базарлар, автопарктер, аялдамалар, сауда үйлері мен нысандары, жаяу жүргіншілер жолдары күн сайын бірнеше мәрте зарарсыздандырылып отырады.

Мен қала тұрғындарын пәтер иелері кооперативтерімен бірлесе отырып өз подъездерін дезинфекциялап отыруға атсалысуларын сұраймын. Бұл бірінші кезекте өз денсаулығымыз үшін қажет. 31 наурызға дейін біз қаладағы барлық пәтер иелері кооперативтеріне дезинфекция жасайтын құрал-жабдықтарды таратып беретін боламыз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Өзгелердің жаңалығы