Өскемендік кәсіпкер коронавируспен күреске 200 млн теңге бөледі

29 Наурыз 2020, 12:45
2175
Бөлісу:
Өскемендік кәсіпкер коронавируспен күреске 200 млн теңге бөледі

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. COVID-19 корнавирустық инфекциясы ел аумағына таралып жатқан уақытта Шығыс өңіріндегі "Aitas KZ" акционерлік қоғамы денсаулық сақтау, бизнес салалары мен қарапайым тұтынушыларды қолдауға арналған бірқатар шаралар қабылдады.

Кәсіпорынның бас директоры Серік Толықпаев дағдарысты уақытта өзі басқарып отырған компанияның бірқатар қолдау шараларын қолға алатынын хабарлады. Атап айтсақ, компания басшылығы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарына COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресуге қажетті медициналық құрылғылар мен препараттар сатып алуға 200 млн. теңге бөлу, «Кус&Вкус» бренді өнімдерінің бағасын көтермеу, тұрғындарды 1000 тонна құс етімен қамтамасыз ету, еріктілер штабтарын құру туралы шешімдер қабылдады.

Бүгін әлем қиын кезеңдердің бірін бастан өткеруде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі саналатын «Aitas KZ» акционерлік қоғамы жаңа жұмыс жағдайына көшуде. Бизнес өкілдерінің осындай кезде әлеуметтік жауапкершілік алып, өз мүмкіндігі шеңберінде мемлекетке көмектесулері өте маңызды. Барлығымыз бірге бар қиындықты жеңеміз, - деді "Аitas KZ" АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

Өзгелердің жаңалығы