Әскерилер Қарағанды көшелерін дезинфекциялауды жалғастыруда

2 Сәуір 2020, 09:27
1476
Бөлісу:
Әскерилер Қарағанды көшелерін дезинфекциялауды жалғастыруда

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері қалакөшелерінде вирустан зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Қарағандылық әскерилер қаланың басты көшесі Бұқар-Жырау даңғылының бойында санитарлы-дезинфекциялық жұмыстар жасады.

Эпидемияға қарсы шараларға 50 әскери сала маманы ат салысып, 7 мың текше метрге жуық арнайы зарарсыздандыру құралын пайдаланды.

Әскерилер жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы киімдермен жұмыс істейді. Дезинфекцияға арнайы зарарсыздандыру қоспасы бар «Рубеж» ерітіндісі қолданылады. Санитарлық шараларға 50-ге тарта әскери қатысты. Дезинфекциялау жұмыстары қаланың құқық қорғау қызметкерлері мен әскери көлік инспекциясы мамандарының сүйемелдеуімен жүзеге асты, - дейді "Астана" Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары Қанат Даиров.

Оның айтуынша, қала көшелері мен қоғамдық орындарда дезинфекция жасалатын арнайы ерітіндінің тұрғындардың денсаулығына әсері жоқ. Атқарылып жатқан шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған.

Бұған дейін "Астана" Өңірлік қолбасшылығының жүзден аса әскери қызметшісі автовокзал мен теміржол вокзалының маңын зарарсыздандырған болатын

Өзгелердің жаңалығы