Әскерилер індет құрбандарын үнсіздікпен еске алды

14 Шілде 2020, 02:30
1345
Бөлісу:
Әскерилер індет құрбандарын үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. 

Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12:00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Қорғаныс министрлігінде, барлық әскери бөлімдер үнсіздік минуты карантин талаптарын қатаң сақтаумен өткізілді.

Ұлттық аза тұту күнінде қорғаныс ведомствосының, еліміздің барлық аумақтарындағы әскери бөлімдер мен мекелердің мемлекеттік туы, дәстүр бойынша сағат 8:00-де көтерілетін Әскери-теңіз күштері кемелерінде туы төмен түсірілді.

Қаза болғандарды еске алу мен құрметтеу үшін індетпен күреске бейжай қарамайтын азаматтар қаза тұту белгісін тақты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері пандемияның алғашқы күнінен бастап отандастарымызға індетті және оның салдарын жоюдағы күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы