СҚО азаматы 9 жылдан кейін баласына алимент төледі

17 Мамыр 2021, 13:39
1424
Бөлісу:
СҚО азаматы 9 жылдан кейін баласына алимент төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әйелімен ажырасқаннан кейін 9 жыл бойы баласын ұмытып, бағуға ақша төлемеген. Бұл туралы республикалық жеке сот орындаушылар палатасы хабарлады.

Жеке сот орындаушысы Рада Сыздықова алимент қарызын өндіріп алу үшін тиімді шаралар қолданды. Түсінікті әңгіме жүргізген соң ер адам Петропавлдағы пәтердің 1/6 бөлігін өз еркімен сатып, 1 554 833 теңге көлеміндегі қарызын төледі, - делінген хабарламада.

Тағы бір борышкер 2016 жылдан бері 2 641 272 алименттік қарызы жиналған. Арнайы білімі болмағандықтан, жұмыс істемеген.

Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы арасында жасалған меморандумға сәйкес, қазір борышкер «Газбен дәнекерлеуш» мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтіп жатыр, содан кейін оған ресми жұмыс беріледі.

Сот орындаушысы Рада Сыздықова іс жүргізу барысында борышкердің автокөлігін анықтап, бала мен анасына қарыз бөлігі ретінде берді. Көлік 201 000 теңгеге бағаланған.

Өзгелердің жаңалығы