Соңғы қоңырау сыңғыры. Кешігіп жеткен мереке. Фоторепортаж

3 Маусым 2020, 13:35
4479
Бөлісу:
Соңғы қоңырау сыңғыры. Кешігіп жеткен мереке. Фоторепортаж
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқумен ерекшеленді. Дәстүр бойынша жыл сайын 25 мамырда өтетін соңғы қоңырау кешігіп, 3 маусымда соғылды. Республика бойынша барлық мектеп санитарлық талаптарды сақтап, түлектерге аттестат тапсырды. Елордалық мектептердің бірінде өткен аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау шарасын сурет арқылы назарларыңызға ұсынамыз.

ада1.JPEG 

аж10.JPEG

Елордадағы №66 мектеп-лицейін биыл 114 түлек тәмамдады. Оның ішінде 8 оқушы "Алтын белгі" болса, 3 түлек үздік аттестат иегері. 

ада3.JPEG

Осы жерде нақтылап өтсек, "Алтын белгі" 5-сыныптан бастап үздік бағаға оқыған түлектерге берілсе, үздік аттестат соңғы екі жылда, яғни 10-11 сыныптарда "5" деген бағаға оқығандарға үлестіріледі.
аж4.JPEG

Бұл соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі де өзгеше. 11-сынып оқушыларымен қоштасу 4-ке бөлінді. Әр марапат сайын 30 минут үзіліс болды. Алдымен 30 түлекке құжаттар тапсырылып, кейінгі кезекті 33 бала күтіп тұрды. 

ада4.JPEG

Түлектер арасында әлеуметтік арақашықтық сақталып, ата-аналар мен оқушылар маска тағуға міндетті болды.

 Мектеп инспекторы мен мейірбикелер іс-шараның өтуін қадағалады.

 ада5.JPEG

ада6.JPEG

Мектеп директоры Айтжан Шаяхметова елдегі пандемия білім беру саласына өзгеріс енгізгенін атап өтті.

ада7.JPEG

Еліміздің барлық мектептері қашықтан оқу тәртібіне көшті. Сондықтан да осы түлектер өміріндегі маңызды кезеңдерінің бірі оқу бітіру маусымының соңғы тоқсанын онлайн оқып, мектепке келе алмады. Бірақ осы тұрған шәкірттеріміз кездейсоқ қиындықтарға төтеп беріп, жауапкершілік пен адамгершілік, төззімділік пен еңбекқорлықты таныта алды. Түлектер – қайсар мінезді, ойлы, білімді, ұлтжанды, жалынды азаматтар, - деді Айтжан Шаяхметова.

ада8.JPEG

Сондай-ақ, директор мектеп бітірушілерге арман-мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.

ада9.JPEG

Ұстаздар берген білімді ақтайтын, ата-анасының ақ батасын алатын түлектер әлемді, қоршаған ортаны бақытты қылуға атсалысады деп ойлаймын. Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, әрқайсысыңыз өзіңіз таңдаған мамандықтың шебері болатыныңызға сенімдімін. Қош, сау бол, 2020 жылғы түлек, - деді мектеп директоры.

ада10.JPEG

Өз кезегінде 11 "ә" сыныбының жетекшісі түлектерге жылы лебізін білдірді.

ада11.JPEG

Бүгін сіздер үшін өте маңызды күн. Алдарыңызда биік белестер тұр. Алтын ұя мектептеріңізден қанат қағып, ұшқалы тұрсыздар. Ешқашан қанаттарыңыз талмасын. Өмірдегі барлық қиындыққа осы еліміздегі қиындықты еңсергендей, ештеңеден қорықпай, қайсарлықпен еңсеріп, еліміздің биік тұлғалы азаматы болуларыңызға тілектеспін. Жолдарыңыз ақ болсын! - деді ол.

ада12.JPEG

"Алтын белгі" иегері Сағида 11 жылда әрбір оқушы үлкен өмірге тәжірибені мектептен жинайтынын айтты.

ҰБТ-ға дайындалып жатырмын. Меніңше, бұл өмірдің бастапқы кезеңдерінде кездесетін кішігірім сынақ. Одан сүрінбей өтемін деп ойлаймын. Инженер мамандығын таңдап отырмын. Себебі менің анам да инженер. Анамның жолын жалғастырсам деймін. Оқуға Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетіне түскім келеді, - деді Сағида Қамалова.

ада13.JPEG

Жалғыз қызына үлгі болып отырған "Алтын белгі" иегерінің анасы Гауһар Қамалова ұстаздарға деген құрметі арта түскенін жеткізді.

Елімізде төтенше жағдай болса да, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, соңғы қоңырау мерекесін өткізуге рұқсат бергендері үшін ел билігіне алғыс айтамыз. Ұл-қыздарымыздың бақытты сәтін баршамыз тамашалап отырғанымызға қуаныштымыз. Қазір қызым ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Барлық жас түлектерге сәттілік тілеймін. Бүгін менің қызым "Алтын белгі" иегері болды. Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Қазақстандық ұстаздарға алғыс білдіреміз. Себебі пандемия кезінде мұғалімдердің жұмысының қадірін ерекше түсіндік. Оған көзіміз жетті, - деді ол.

ада14.JPEG

Биыл баласы оқу бітіріп жатқан ата-аналардың бірі Сәуле Қорғанқызы түлектердің ҰБТ-дан сүрінбей өтулеріне тілекстес екенін білдірді.

аж1.JPEG

Ал медицина мамандығына бет бұрғысы келетін жас түлек Аружан Жеделханқызы 1 қыркүйекте енді мектеп табалдырығын аттамайтынына күйінетінін айтты.

ада15.JPEG

Білім күні мектепке келуге етіміз үйреніп қалды. Осы жыл бізге ерекше болмақ. Себебі үлкен өмірге қадам басып жатырмыз. "Әр істің қайыры бар" демекші, болып жатқан жағдайдың барлығы оңтайлы көрсеткіш береді деп ойлаймын. Қазір мен химия-биология пәнін таңдап отырмын. Елордадағы медицина университетіне түскім келеді, - деді жас түлек.
ада16.JPEG

Салтанатты шара аяқталған соң мектеп түлектері оқу ордасының алдында естелікке ағаш отырғызды.

 аж2.JPEG

аж3.JPEG

аж5.JPEG

аж6.JPEG

аж8.JPEG



Өзгелердің жаңалығы