Бас жаңалықтар
Sofia Trophy 2021: Мария Гречаная үздік үштікке енді
28 Ақпан 2021, 22:40 560

Sofia Trophy 2021: Мария Гречаная үздік үштікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде. 

Аталған сында қазақстандық Мария Гречаная қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  

Мария жасөспірімдер арасындағы бәсекеде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. 

Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 144.08 ұпай жинаған.  

Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.


Фото: дереккөз
Загрузка...