Солтүстік Каспийде тіршілік ететін ағзалар қатал жағдайларға бейімделген - эколог

6 Мамыр 2021, 19:35
1332
Бөлісу:
Солтүстік Каспийде тіршілік ететін ағзалар қатал жағдайларға бейімделген - эколог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырауда Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстарын өткізу туралы онлайн өткен дөңгелек үстел барысында NCOC жетекші экологы Гүлсім Мұтышева айтты.

Каспийді тереңдету жұмыстары теңізді мекен ететін организмдерге әсер ете ме? деген сұрақ туындайды. Оны біздің зерттеулер тексерді. Бұл жұртшылықты алаңдатып отыр. Ол балықтардың базасына әсер етуі мүмкін деген пікір болды. Әсіресе, бекіре мен шабақтарға қатты ықпал етуі мүмкін деді. Алайда Каспийдің солтүстік бағытындағы су эволюциялық тұрғыда желге, боранға ұшырап тұрады. Ол судың үстінде жоғары турбуленттікті көрсетіп отырады. Эволюция кезінде теңіздегі ағзалар қатал жағдайларға бейімделіп алады, - деді эколог.

Мұтышева айтқандай, тереңдету жұмыстары судың лайлануы су ағзаларына кері әсер етеді.

Кейбір жағдайлар олардың өлуіне алып келуі мүмкін. Алайда Каспийдің гидроөнімділігі ерекше және бірегей болып табылады. Каспийдегі планктон ағзалары қоршаған ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. Олар өзінің биомассасы мен санын тез қалпына келтіре алады. Сондықтан планктондарға әсер ету аз болады, - деді эколог.


Өзгелердің жаңалығы